Жеке ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпе
1. Кіріспе
Бұл жеткізушінің жеке ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпесі ("Ескертпе") ABB Ltd, Швейцария деген атаумен белгілі ABB Group компаниясына және ABB Ltd, Швейцария тікелей немесе жанама түрде акциялардың басым көпшілігіне ие немесе дауыс беру құқықтарының басым көпшілігіне ие не оларды басқаратын әрбір нысанына қолданылады. Сізбен байланысатын немесе сіздің тарапыңыздан тауарлар мен қызметтер қамтамасыз етілетін ABB компаниясы ("ABB" немесе "біз" деп аталады) осы ескертпеге сәйкес сіздің жеке деректеріңіздің өңделуі үшін жауапты және оның пайдаланылу жолын бақылайды.
ABB компаниясының басты мақсаты сіздің деректеріңізді қорғау құқықтарының сақталуы болып табылады. Бұл ескертпеде сіздің жеке деректеріңіздің пайдаланылу жолы, осы деректерді өңдеу жолы және жеке деректеріңізге қатысты құқықтарыңыз түсіндірілген.
2. Жеке деректеріңіздің өңделуі үшін жауапты тұлға кім?
ABB Ltd және оның еншілес компаниялары ((гиперсілтеме қосыңыз)) сіздің жеке деректеріңіз үшін жауапты. Қолданыстағы құпиялылық және деректерді қорғау заңдары бойынша, деректеріңіздің негізгі бақылаушысы сізбен байланысатын немесе сіздің тарапыңыздан тауарлар не қызметтер қамтамасыз етілетін АВВ еншілес компаниясы болып табылады. Басқа да ABB еншілес компаниялары сондай-ақ бақылаушы немесе өңдеуші ретінде жеке деректеріңізді қабылдап өңдей алады және осы ескертпе оларға тең деңгейде қолданылады.
3. Біз жинап, пайдаланатын ақпарат түрлері
Жеткізушілерімізбен жасалған келісімдерге байланысты сізге қатысты жеке деректерді жинап, пайдаланамыз. Жеке деректерді мынадай санаттар бойынша жинай аламыз:
-
Аты-жөні, қызметі/лауазымы, ұлты, ұйымның электрондық пошта мекенжайы, ұйым мекенжайы, телефон нөмірі, ұялы телефон нөмірі, телефакс нөмірі, жеке телефон нөмірі, жынысы, туған күні сияқты бізбен бөлісетін идентификациялық деректер және іскерлік байланыс ақпараты.
-
Келісімшарт міндеттемелері мен келісімшарт алдындағы шаралардың орындалуына қатысты деректер, оның ішінде жазысқан хаттар туралы деректер, ұсыныстар, тендерлер, түйіндеме, шарттар, келісім және тапсырыс деректері, шот-фактуралар, төлемдер, іскерлік серіктестік тарихы, сұраулар/сұрақтар/шағымдар/тапсырыстарға қатысты жазбалар сияқты іскерлік қарым-қатынас барысында берілген қосымша ақпарат.
-
Байланыс жүйелері, АТ қолданбалары және веб-сайт браузері (жеткізуші қолданыстағы заңға сәйкес осындай жүйелерге қатынаса алатын немесе мердігерге олардың тарапынан ықпал болған жағдайда) арқылы жиналатын ақпараттық технологиялардың пайдаланылуы (жүйеге кіру, АТ және интернеттің пайдаланылуы), құрылғы идентификаторы (мобильді құрылғы идентификаторы, компьютер идентификаторы), тіркелу және жүйеге кіру деректемелері, IP мекенжайы, жүйеге кіру деректері мен журнал файлдары, сараптау идентификаторы, уақыт және сайт сілтемесі, іздеу әрекеттері, веб-сайтқа тіркелу және cookie деректері, дыбыстық жазбалар (мысалы, дауыстық хат/телефон жазбалары, Skype жазбалары) сияқты электрондық идентификациялық деректер мен ақпарат.
Жеке деректердің төменде көрсетілген түрлері тек еліңіздің қолданыстағы жергілікті заңдарына сәйкес және жеткізушілерімізбен жасалған келісімдерге байланысты болған жағдайда ғана жиналып, өңделеді.
-
Сотқа қатысу жарлығына және Ақшаның жылыстауына қарсы (АЖҚ) міндеттемелерге байланысты сотталу фактілерін тексеру мақсаттары үшін қажет дәрежедегі сотталу фактілері туралы ақпарат және санкциялар тізімі туралы ақпарат сияқты сотталғандық және құқықбұзушылық туралы деректер.
-
Міндеттемелерімізді орындау үшін қажет дәрежеде, коммерциялық тіркелім деректері, несиелік қабілеттілік деректері сияқты жалпыға қолжетімді дереккөздерден алынатын немесе басқа үшінші тараптар арқылы (мысалы, кредиттік агенттік) заңды түрде берілетін деректер.
Жеке деректерді арнайы өңдеу әрекеті туралы ақпарат алу қажет болса, www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша сұраныс жіберуге болады.
4. Жеке деректеріңіздің пайдаланылу мақсаты
Жеке деректеріңізді жоғарыда сипатталғандай келесідей мақсаттарда пайдалануымыз мүмкін:
-
бүкіл жеткізу тізбегі бойынша жеткізуші және қызмет көрсету провайдерін басқару, оның ішінде тендер, іскерлік келісім, өңдеу тапсырыстары, сатып алу операцияларының өңделуі және жүзеге асуы қамтылған және жеткізушілер, вендорлар, мердігерлер, кеңесшілер және басқа да білікті сарапшылардың жетекшілігі мен оларды басқару;
-
қарыздарды төлеу, жеткізушінің шот-фактурасы және төлемді басқару, тікелей және жанама қызметтерді сатып алу;
-
есеп беру және сараптау, оның ішінде нарықты зерттеу және ақпаратты бағалау және талдау арқылы қызметтер мен өнімдерді дамыту және жақсарту;
-
өңдеу сапасын басқару;
-
тендерлер, сатып алуға тапсырыстар, шот-фактуралар, есептер сияқты құжаттарға сілтемелер;
-
келісімшарт мерзімін басқару;
-
төлем жинау және банкротқа ұшырау процестері;
-
жеткізушілерді дайындықтан өткізу;
-
есеп жазбасын қамтамасыз ететін қаржы және ортақ бухгалтерлік есеп қызметтері, қызметтерді төлеуге арналған сатып алу;
-
қызметтерді, өндіріс нысандарын және компанияларды қайта ұйымдастыру, сатып алу және сату;
-
ABB корпоративтік саясатының, келісімшарт міндеттемелерінің және заңды талаптардың, оның ішінде даулы аймақтардағы пайдалы қазбалардың сәйкестігін бақылау және тексеру;
-
реттеуші органдардың міндеттемелеріне сәйкес келу үшін аудиттер, тексерістер және нормативтік тексерістер жүргізу;
-
әкімшілік, тәуекел және ережелердің сақталуы, оның ішінде заңды сараптама және Ақшаның жылыстауына қарсы ("АЖҚ") міндеттемелер, баж салығы және ғаламдық сауда ережелерінің сақталуы және санкция салынған тарап тізімін тексеру, қауіпсіздік, оның ішінде қылмыстық және алаяқтық әрекеттерге жол бермеу, олардың бар-жоғын анықтау;
-
өнімдердің, нысандардың, қызметтердің, жүйелердің, желілердің, компьютерлердің және ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау, қауіпсіздіктің бұзылуына, алаяқтыққа немесе басқа да қылмыстық не арам ниетті әрекеттерге жол бермеу және олардың бар-жоғын анықтау;
-
АТ ресурстарын басқару, оның ішінде деректердің резервтік көшірмесін жасау қамтылған инфрақұрылымды басқару, ақпарат жүйелеріне қолдау көрсету және қолданбаның қызметтік операцияларын басқару, ақырғы пайдаланушыға қолдау көрсету, сынау, техникалық қызмет көрсету, қауіпсіздік (оқыс оқиғаға реакция, қауіп, сезімталдық, жүйеге рұқсатсыз кіру әрекетіне реакция), пайдаланушы тіркелгілерін басқару, бағдарламалық жасақтама лицензияларын иелену, қауіпсіздік және өнімділікті сынақтан өткізу және бизнес тұрақтылығы.
Біз жеке деректеріңізді тек жоғарыда сипатталған мақсаттар бойынша жинаймыз. Статистикалық мақсаттар бойынша, қызметтерімізді жақсарту және АТ жүйелерімізді сынақтан өткізу үшін біз барынша анонимделген деректерді пайдаланамыз. Бұл бұдан былай осы деректердің тікелей сізді анықтамайтынын және сізді жеке тұлға ретінде көрсетпейтінін білдіреді.
5. Біз сұраған ақпаратты бізге бермеген немесе ақпаратыңыздың өңделуін тоқтату туралы сұраған жағдайда не болады?
Жеткізушілерімізбен жасалған келісімдерге (жоғарыда сипатталғандай) байланысты өңдеу әрекеттеріне қатысты жағдайларда, ABB компаниясы сізбен және компанияңызбен тиісінше іскерлік қарым-қатынасты белгілі бір жеке деректерсіз орната алмайды, жүргізе алмайды немесе үзе алмайды және жалпы жоғарыда сипатталған мақсаттарды орындай алмайды. Дегенмен біз сізді жеке деректеріңізбен бөлісуге міндеттей алмаймыз, бірақ сізбен келісімшартқа отыру немесе сіз сұраған іскерлік қарым-қатынас орнатып, жалғастыру үшін талап етілген келісімшарт алдындағы шараларды орындай алмау сияқты іскерлік қарым-қатынасыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін себеп-салдары бар екенін ескеріңіз.
6. Біз ұстанатын заңды негіз
Біз жеке деректеріңізді осы ескертпеде сипатталған мақсаттар бойынша төмендегі қолданыстағы заңды негіздердің біріне сүйене отырып пайдаланамыз:
-
Біз жеке деректеріңізді сізбен және компанияңызбен жасалған келісімшарт міндеттемелерін орындау үшін немесе біз қабылдаған келісімшарт алдындағы шаралардың бір бөлігі ретінде өңдей аламыз.
-
Кейбір жағдайларда жеке деректеріңізді өңдеу үшін өзіміздің заңды мүдделерімізді негізге аламыз. Бұл сіздің жеке құпиялылық мүддеңізге қайшы келмейді. Мұндай мүдделерге мыналар кіреді:
-
жалпы мағынада бизнесімізді жүргізу, басқару, жақсарту және жетілдіру, оның ішінде өнімдер мен қызметтерді жеткізу, жеткізуші тарапынан келісімдердің орындалуы және тапсырыстың басқарылуы, сатып алу операцияларының өңделуі және жүзеге асуы, өңдеу сапасын басқару және өнімдерді немесе қызметтерді жақсарту, сараптау және нарықты зерттеу, сатып алу процестеріндеәдепкі қауіптерді азайту және қызметтерді, өндірістік бөлімдерді және компанияларды қайта ұйымдастыру, сатып алу және сату;
-
заңды, нормативтік, стандартты және ABB ішкі талаптары мен саясатына сәйкестікті бақылау, зерттеу және қамтамасыз ету;
-
алаяқтық және қылмыстық әрекеттерге жол бермеу, оның ішінде осындай әрекеттерді зерттеу, ABB активтерінің, өнімдері мен қызметтерінің дұрыс пайдаланылмауына жол бермеу және желі және ақпарат қауіпсіздігін сақтау үшін қатаң түрде әрі үйлесімді жасау;
-
жеке деректерді АВВ компаниясы шеңберінде ішкі әкімшілік мақсаттар бойынша қажетінше тасымалдау (мысалы, орталықтандырылған қызметтермен қамтамасыз ету үшін).
-
Жеке деректеріңіздің осы мүдделер бойынша өңделу себебін бағалау құжатының көшірмесін www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша сұраныс жіберу арқылы алуға болады.
-
Кейбір жағдайларда жеке деректеріңізді заңды міндеттемелер және нормативтік актілер талаптары негізінде (мысалы, салық немесе есеп беру міндеттемелері негізінде) өңдейміз. Басқарушы органдармен серіктестік міндеттемелері, нормативтік құжаттарды сақтау мерзімдері немесе ресми не соттық шаралар шеңберінде жеке деректерді ашу дәлел алу, заңмен қудалау немесе азаматтық құқық талаптарының іске асуы үшін талап етілуі мүмкін.
Сотталғандық және құқықбұзушылыққа байланысты жеке деректерге қатысты, бұл деректерді тек қолданыстағы (жергілікті) заң тарапынан рұқсат берілген жағдайда ғана өңдейміз.
7. Жеке деректеріңізді ортақ пайдаланатын тараптар (ЕО және ЕЭА ішінде немесе одан тыс не деректеріңізді бақылайтын АВВ компаниясы орналасқан елден тыс)
Жеке деректеріңізді төмендегі кестеде сипатталған мақсаттарда тек басқа АВВ филиалдарымен немесе үшінші тараптармен ортақ пайдаланамыз. Егер жеке деректеріңізді Еуропалық одаққа ("ЕО") және Еуропалық экономикалық аймаққа ("ЕЭА") тасымалдануы үшін немесеосы аймақтардан тыс немесе деректеріңізді бақылайтын АВВ компаниясы орналасқан елден тыс қолжетімді болуы үшін филиалмен немесе үшінші тараппен бөліскен жағдайда, біз әрдайым жеке деректеріңізді қорғау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдаймыз. Осы қауіпсіздік шараларының мысалдары Еуропалық комиссияның (толығырақ оқу үшін осында басыңыз), Стандартты келісімшарт тармақтарының (толығырақ оқу үшін осында басыңыз), Privacy Shield сертификатының (толығырақ оқу үшін осында басыңыз) және кейбір жеткізушілеріміз қабылдаған Міндетті ұйым ережелерінің (толығырақ оқу үшін осында басыңыз) шаралардың жеткіліктігі туралы шешімі болып табылады. Біз жеке деректеріңізді қорғау үшін деректердің ЕО, ЕЭА және деректеріңізді бақылайтын АВВ компаниясы орналасқан елден тыс тасымалдануына арналған қосымша шаралар қабылдадық. Қолданыстағы қауіпсіздік шараларымен танысқыңыз келсе, www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша сұрау жіберіңіз.
Қабылдаушы санаты |
Қабылдаушының орналасқан жері |
Мақсаты |
АВВ филиалдары мен еншілес компаниялары |
Осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар |
|
АВВ іскерлік серіктестері, дистрибьюторлар және агенттер |
ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық) |
Осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар |
АТ қызметтер, дербес агенттер, төлем процессорлары, рейтингілік және бағалау қызметтері, кәсіби және кеңес беру қызметтері, оның ішінде бухгалтерлер, аудиторлар, заңгерлер, сақтандырушылар, банк қызметкерлері, рекрутерлер, туристік агенттіктер сияқты қызмет көрсету провайдерлері және АВВ компаниясының атынан жұмыс істейтін басқа да кеңесшілер немесе қызмет көрсету провайдерлері |
ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық) |
Осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар |
Банкрот жөніндегі әкімшілер және кредиторлар |
ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық) |
Әдепкі және банкротқа ұшыраған жағдайда басқару үшін |
АВВ бизнес нысандарын немесе активтерінің ықтимал немесе нақты сатып алушылары |
ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық) |
Осы бизнес нысандарын немесе активтерді бағалау үшін немесе осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар бойынша |
Қолданыстағы заңға немесе сот үдерісіне, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың жән т.б. талаптарына сәйкес қабылдаушылар |
ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық) |
Қолданыстағы заң немесе мемлекеттік органдардың заңды сұрауы арқылы талап етілген не қолданыстағы заңды талап болған жағдайда |
Жеке деректеріңізді қорғау үшін пайдаланылатын қауіпсіздік шараларының көшірмесін www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша сұраныс жіберу арқылы алуға болады.
Жеке деректеріңіздің сақталу ұзақтығы
Міндетті заңнама негізінде АВВ компаниясы белгілі бір жеке деректерді ең қысқа уақыт кезеңі бойынша сақтауы керек. Жеке деректеріңізді осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар үшін қажет уақыт ішінде ғана сақтаймыз. Негізі, жеке деректер келісімшарттық қарым-қатынас ұзақтығы бойынша әрі қысқа мерзімге (әдетте келісімшарттың аяқталған күнінен бастап 5-10 жыл аралығында) немесе жергілікті заңдар немес нормативтік талаптар тарапынан талап етілген жағдайда ұзағырақ мерзімге сақталады.
Сонымен қатар қолданыстағы деректерді қорғау заңдары жеке деректерді айқындаушы пішінде өңделу мақсаттары үшін қажет уақыттан ұзақ мерзімге сақтамауымызды талап етеді. АТ қолданбалары мен саясаттарын орнату арқылы, сақтаулы тұрған жеке деректеріңіздің бізге қажет болмаған жағдайда жойылатынына кепілдік береміз.
Деректеріңіздің құпиялылық құқықтары
Сіз тұрып жатқан және жеке деректеріңіз өңделіп жатқан жердегі құзыретке байланысты мынадай құқықтарға ие болуыңыз мүмкін:
Деректердің құпиялылық құқықтары |
Мағынасы |
Деректеріңізге қатынасу құқығы |
АВВ компаниясынан сақтаулы тұрған жеке деректеріңіздің шолуын немесе көшірмесін сұрап алуыңызға құқығыңыз бар. |
Деректеріңізді түзету құқығы |
Бізде сақтаулы тұрған қате немесе толық емес жеке деректеріңіздің дереу түзетілуін талап ете аласыз. |
Деректеріңізді жою құқығы |
Қолданыстағы заң деректерді жоюға міндеттесе немесе оларды өңдеу заңға қайшы болса, жеке деректеріңіз қажет болмаған жағдайда жойылуын талап ете аласыз. |
Деректердің өңделуін шектеу құқығы |
Белгілі бір жағдайларда жеке деректеріңіздің өңделуін шектеуге құқығыңыз бар. |
Деректерді тасымалдау құқығы |
Жеке деректеріңізді өз мақсаттарыңыз бойынша құрылымдалған, машинамен оқылатын пішімде алуға немесе бізден үшінші тарапқа жіберуді сұрауға құқығыңыз бар. |
Деректердің өңделуіне қарсылық білдіру құқығы |
Жеке деректеріңізді өңдеу үшін өз заңды мүдделерімізге сүйенген жағдайда және деректерді қорғау құқықтарыңыз біздің заңды мүдделер негізімізден басым болған жағдайда, жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсылық білдіруге құқығыңыз бар. |
Жоғарыда сипатталған құқықтардың абсолютті емес екенін және сұранысыңыз әрдайым толық қанағаттандырылмайтынын ескеріңіз. Мысалы, жеке деректеріңізді кейде жоя алмаймыз немесе өңделуін шектей алмаймыз, себебі белгілі бір жеке деректерді сақтау үшін заңды немесе келісімшарттық міндеттемелеріміз болуы мүмкін.
Жеке деректеріңіздің құпиялылық құқықтарының сақталуына www.abb.com/privacy мекенжайы арқылы сұраныс жіберуге болады.
Байланыс және қосымша ақпарат
Жеке деректеріңізге қатынасу және жоғарыда аталған басқа да құқықтарыңызды пайдалану қажет болған жағдайда немесе жеке деректеріңіздің АВВ тарапынан өңделуіне қатысты сұрақтарыңыз не күмәніңіз болған жағдайда, privacy@abb.com мекенжайы бойынша топтық деректерді қорғау қызметкеріне хабарласыңыз немесе шағымыңызды www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша жіберіңіз.
Егер біздің жауабымызға қанағаттанбасаңыз немесе жеке деректеріңізді заңға қайшы түрде өңдейтінімізге күдіктенсеңіз, сондай-ақ тұратын еліңіздегі немесе жұмыс орныңыздағы Деректердің құпиялылығын сақтау органына шағым түсірсеңіз болады немесе деректердің құпиялылығын сақтау заңдары бұзылды деп есептесеңіз сотқа жүгінсеңіз болады.
Жарияланған күні: [28] қараша, 2019